Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қырық жылғы боқты шұқылап сасытудың қажеті қанша?!" - Айнұр Тұрсынбаева

"Сіз мінген автобус басқа жаққа кетіп бара жатса, "ойбай, тоқтатыңыз, түсіп қаламын" деп шыңғырасыз ғой. Жаман ой адасқан көліктен жаман!" - дейді ол.

"Қырық жылғы боқты шұқылап сасытудың қажеті қанша?!" - Айнұр Тұрсынбаева
фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram-дағы парақшасында оқырмандарын жаман ойға бой алдырмай, кез келген нәрсеге шүкіршілік етіп, жақсылыққа сенуге шақырды, деп хабарлады paryz.kz.

"Қарапайым бір нәрсе айтайын... Адамның ойының магнитше жұмыс жасайтыны дәлелденген! Жыланған сайын, қиналған сайын өміріңіз одан сайын сұрықсыз болып бара жатқанын көріп жүрсіз ғой, мойындаңызшы... Жақсы жұмыс керек пе?! Табатыныңызға сенімді болыңыз! Жақсы күйеу керек пе?! Жалпы ер-азаматтар туралы жақсы ойлай беріңіз... Кездесе қалған азаматтың жақсы жағын іздеңіз... Айналаңыздан ер мінезді, нағыз жігіттер көріне бастайды... Берекелі, бақуатты өмір сүргіңіз келе ме?! Алдымен қолыңыздағы бар нәрсеге шүкірлік етіңіз. "Қолыма 10 миллион теңге түссе, не істер едім?!" деп ойланып жүріңіз... Жаман ойларға ерік беріп, қайғының жетегінде кетпей, тоқтатып үйреніңіз! Сіз мінген автобус басқа жаққа кетіп бара жатса, "ойбай, тоқтатыңыз, түсіп қаламын" деп шыңғырасыз ғой. Жаман ой адасқан көліктен жаман! Өткен өмірге өкіне беру болашақты құртады... Қырық жылғы боқты шұқылап сасытудың қажеті қанша?! Аллаға шүкір еткен сайын бәрін береді! Дәл қазір өзіңізді қинап болса да жымиып қойыңыз да "Мен ең бақытты адаммын, Аллаға шүкір" деңізші..." - дейді ол.

Желі қолданушылар айтыскердің "мотивация берген" бұл пікірін бірауыздан қолдап жатыр.