Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Махмуди Керімбековамен не үшін керісіп жүргенін айтты

"Мен қазақ қыздарына қайран қалам" атты әні бар ғой. Ұзатуларда айтып жүретін соны. Соны мен бір тойда айтпақ болып, рұқсатын алғанмын. Сөйтсем, ол тойға маған сол кісінің құрбысы тапсырыс береді екен. Мен оны білмеймін..."

Махмуди Керімбековамен не үшін керісіп жүргенін айтты
фото: 365info.kz

Әнші Сиви Махмуди әріптесі Ақбота Керімбековамен қазіргі қарым-қатынасы туралы бар шындықты жайып салған. Ол даулы мәселеден кейін өнердегі әпкесінен өзі кешірім сұрағанын мойындады. Десе де сол жағдайдан кейін екеуі әлі кездеспеген екен, деп жазды paryz.kz.

Сиви Махмуди Ақбота Керімбекова екеуі арасында өзара даулы оқиғаның мән-жайын "Ревю" бағдарламасында айтып берген. Белгілі болғандай, Керімбекова өзінің сұхбатында Сивиді кәсіби әнші санамайтынын айтып, өз сөздерінен соңына дейін бас тартқан жоқ. Бұл жайт Махмудидің көңіліне тиіпті. Ол жақын араласып жүрген жаннан мұндайды есту қиын екенін айтты.

"Мен қазақ қыздарына қайран қалам" атты әні бар ғой. Ұзатуларда айтып жүретін соны. Соны мен бір тойда айтпақ болып, рұқсатын алғанмын. Сөйтсем, ол тойға маған сол кісінің құрбысы тапсырыс береді екен. Мен оны білмеймін. Тойға барып, сол кісінің қызын ұзатып жатсам, Ақбота ханым тойда қонақ ретінде отырады. Ренжіп қалды маған. Мен рұқсатын алғаныммен, оранжировкасын жасап үлгермедім. Ол менің де кінәм. "Неге оранжировкасын жаздырмадың?" деген ренішін білдірді. Артынан осындай өкпелер кетті. Халық алдында маған "әнші емес" деп айтты.

Бұл жағдайдан кейін мен ол кісіден кешірім сұрадым. Бірақ әлі көрген жоқпын өзін. Көрсем, енді бәріміз пендеміз ғой, ол кісі де кешірімді деп ойлаймын. Кездескен күнде де жауласып жүреміз деп ойламаймын. Кім ұрсыспайды? Ұмытып кетерміз деп ойлаймын. Бұған жай ғана пендешілік деп қарау керек", - деді әнші.