Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Украиналық тележүргізушіні алған бай қазақтың тойы Мальдив аралдарында өтті (ВИДЕО)

Арал барлығы 22 адамға дейін қабылдай алады және оның құны күніне 40 мың доллар тұрады...

Украиналық тележүргізушіні алған бай қазақтың тойы Мальдив аралдарында өтті (ВИДЕО)

Алмаз есімді қазақстандық кәсіпкер украиналық тележүргізуші Иванна Онуфричукті жар етті. Жұп тойды Мальдив аралдарында дүркіретіп өткізді, деп хабарлады zakon.kz, STRANA.ua-ға сілтеме жасап.

Керемет демалыс әрі өмірдің ең жарқын сәті бейнеленген суреттер топтамасын Онуфричук Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Иваннаның көйлегін ливандық дизайнер Джордж Хобейк тігіпті. Ал ішінде бір кішкентай қыз да бар жас қыздар қызғылт көйлекте болған. Күйеу жігіт болса, ақ кастөм-шалбар киіпті.

Салтанатты шара Four Seasons қызметкерлері қызмет ететін жекеменшік Воава аралында дүркіреп өтті. Воава аралы барлығы 22 адамға дейін қабылдай алады және оның құны күніне 40 мың доллар тұрады.

Дэн Балан, Дима Монатик және оның қамқоршылары - Лида Ли мен Нино мереке қонақтарына ән шырқады. Сондай-ақ үйлену тойында Амадор Лопес RUMBERO тобымен бірге өнер көрсетті. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава жүргізді.

Жас жұбайлар Украинадағы үйлену тойын жазда жасауды жоспарлап отыр. Алмаз Швейцарияда тұратындықтан, ерлі-зайыптылар әзірге екі ел арасында жүре тұрмақ.