Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Қоянбаевты қолдауға келдім": Ананди келін қазақстандықтарға сәлем жолдады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары жаппай алғысын айтып, пікір қалдырды. Көпшілігі Қоянбаевтың еңбегі мен актрисаның қарапайымдылығы туралы айтқан.  

"Қоянбаевты қолдауға келдім": Ананди келін қазақстандықтарға сәлем жолдады (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Қазақстанға "Келін" фильміндегі басты рөлі арқылы танылған актриса Авика Гор Нұрлан Қоянбаевтың фильміне түсетін болды. Ол түсірілім үшін Түркияға арнайы келіп, қазақстандықтарға сәлем жолдады, деп хабарлады paryz.kz

"Достар, мен арнайы кино түсірілімі үшін Түркияға келдім. Нұрлан Қоянбаевты қолдауға келдім. Қазақстандық киноға түсемін. Бәріңізге сәлем", - деді актриса. 

Желі қолданушылары жаппай алғысын айтып, пікір қалдырды. Көпшілігі Қоянбаевтың еңбегі мен актрисаның қарапайымдылығы туралы айтқан.  

"Бір көзге қарағанда шетелде кино түсіру оңай сияқты. Әдемі кадр, жұмыс пен демалыс қатар жүргендей көрінеді... Расын айтсақ, сіз білмейтін көп дүниелер бар.

Жалпы, кино түсіру Қазақстанның ішінде де оңай істей салатын дүние емес. Ал менің мақсатым - қазақ актерлары, қазақ оқиғалары шетелмен коллаборация жасап, үндесіп, үйлесім тауып, әдемі дүние болып жарыққа шықса екен деймін! Мен мемлекет қаржысымен емес, жеке өзімнің және серіктестерімнің қолдауымен ғана кинодан киноға өмір сүріп келемін. Америка Құрама Штаты, Тайланд, Араб әмірлігі, Корея, Африка, Түркияда бой көрсеткен туындылардың артында сағаттап емес, күндерге созылған келісімшарттар мен қаржы іздеудің түрлі процестері тұр!

Туындыларыма шетелдік танымал тұлғаларды шақыруда да мақсат - қазақ киносында олар да бой көрсетіп, олар да біздің мәдениетпен танысса деген тілек.

Осындай ұсынысымызды бірден қабыл алып, ниетін білдіріп, түсірілім алаңына жедел және арнайы келген Үндістанның танымал актрисасы, "Келін" сериалы арқылы танымал болған Ананди - Авика Горға алғысым шексіз! Келе сала қазақ тілінде сәлемдеме жолдап, ниетін білдіргенінің өзі шығармашылық топқа шабыт береді. Әдемі қолдауларыңыз бізге шабыт пен шарықтау сыйлайды! Бірге болған көрермендеріме мың алғыс!" деп жазды Қоянбаевтың өзі instagram парақшасына.