Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қайрат Нұртастың әйелінің атынан ұятсыз сөздер жазатындар көбейген

"Мұндай парақшаларды мамандарға тапсырдым. Енді әр фан-парақшаны тексеріп отырамын", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Қайрат Нұртастың әйелінің атынан ұятсыз сөздер жазатындар көбейген
фото: ашық дереккөз

Әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасына өзін ренжіткендер туралы жазба қалдырды, деп хабарлады paryz.kz, caravan.kz-ке сілтеме жасап.

"Таң атпай көңілімді түсірді... Менің фан-парақшаларымның барын бұрын да білетінмін. Бірақ олардың кейбірі мен көре алмайтындай етіп түрлі сенімсіз жарнамалар мен ұятсыз (18+) дүниелер жазып, оқырмандардың ашуына тиеді екен. Құрметті оқырман, менің ресми парақшам осы. Ал басқа ұнамайтын контент салатын парақшаларды көрсеңіз, "пожаловать" дегенді басыңыз. Мұндай парақшаларды мамандарға тапсырдым. Енді әр фан-парақшаны тексеріп отырамын. Ешқандай жарнамасыз, әп-әдемі, тап-таза жүргізіп отырған парақшаларға алғысымды айтамын", - деді ол.

Сондай-ақ желі қолданушылар оған "сізді көре алмайтындар көп", "мықтысыз", "Жазасын беріңіз" дегендей қолдауларын танытып жатыр.

Еске сала кетсек, соңғы жылдары фильмге түскен сәтінен танымал бола бастаған Жұлдыз Әбдікәрімованың фан-парақшалары күрт көбейген.