Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Алаяқ деп айыпталған Гауһар Әлімбекова тағы да күйзеліске түсті

"Сахнаға шыға алмадым. Өнерден қол үзіп қалдым..." - дейді ол.

Алаяқ деп айыпталған Гауһар Әлімбекова тағы да күйзеліске түсті
фото: дереккөз

Әнші Гауһар Әлімбекова ұзақ уақыт бойы сахнадан көрінбей кетті. Мұның өзіндік себебі бар. Басқа түскен ауыртпалықтардан соң әнші ес жия алмай қалғанын айтты, деп хабарлады paryz.kz, "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, әнші осыдан 2 жыл бұрын халықты алдап, ақша жымқырды деп айыпталған еді. Одан кейін туған ағасынан айырылып, күйзеліске түскен.

"Менің 6 ағам бар. Соның ең үлкені қайтыс болды. Ол менің өнердегі, өмірдегі ағам еді. Асылхан ағам өнерді жақсы түсінетін. Менің әндерімнің кем-кетігін айтып отырушы еді. Бір әнім шықса, ағама тыңдататынмын. Ол менің арқасүйерім еді. Одан айырылыу оңайға соқпады. Күйзеліске түстім. Сахнаға шыға алмадым. Өнерден қол үзіп қалдым. Маған қазаны қабылдау ауыр болды. Бұл жайттарды енді ғана ұмытып, өз-өзіме келе бастадым", - дейді Әлімбекова.