Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Тыр жалаңаш суреті шу болған Сәдуақасова әлі "пәк екенін" айтты

Қазір жеке басына қатысты сұрақтардың бәріне еркін жауап беріп отыр...

Тыр жалаңаш суреті шу болған Сәдуақасова әлі "пәк екенін" айтты
фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші әрі актриса Әсел Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында желі қолданушыларының жеке басына қатысты сұрағына жауап берді. Сол сәтте оқырмандарының бірі одан жыныстық қатынасқа түскен-түспегені туралы сұраған, деп жазды paryz.kz.

"Мен 36 жастамын және әлі күнге дейін ондай болмаған", - деді ол.

Еске сала кетсек, 2014 жылы Әсел Сәдуақасова сүйіктісіне алданып, басы дауға қалған болатын. Көп уақыттан бері сөз байласып жүрген жігіті әншінің мүлкін өз атына аудартып, тыр жалаңаш суреттерін интернет желісіне жүктеп жіберген еді. Бұдан кейін әнші күйзеліске түсіп, көпке дейін бұл тақырыпқа тоқталмаған-ды. Енді есін жиғанға ұқсайды. Қазір жеке басына қатысты сұрақтардың бәріне еркін жауап беріп отыр.

"Бәріңізге бірден жауап берейін. Сіздер жеке парақшамнан және басқа жерден маған қатысты көп нәрсе көріп жүрсіздер. Менің жеке өмірім тек өзіме тиесілі. Сол себепті, бұл - менің өмірім. Расымен де жасырынатын интровертпін" деп жазды ол.