Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Атырауда мәдениет қызметкері музыкалық аспаптарды ломбардқа өткізіп жіберген

Атырау қаласы сотының үкімімен кәсіпорын қызметкері кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Атырауда мәдениет қызметкері музыкалық аспаптарды ломбардқа өткізіп жіберген
фото: ашық дереккөз

Атырау облысында мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін мәдениет саласының қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Атырау қаласында "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы" КМҚК-ның қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды", - делінген хабарламада.

Ол қызмет бабын пайдалана отырып, жалпы құны 70,9 млн теңге болатын музыкалық аппараттарды иемденіп, ломбардқа өткізген және өз таныстарына төмен бағаға сатқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 50,9 млн теңгелік мүліктік залалдың 70%-ы өтелген. 

Атырау қалалық сотының үкімімен кәсіпорын қызметкері кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.