Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Тым жалаңаштанып барасың": хиджабын шешкен Ақбота жұртқа жақпай қалды

"Бұрынғы қарым-қатынасқа оралу - бір фильмді қайта-қайта көріп, соңы басқаша болатынын күтумен тең" деп жазған ол.

"Тым жалаңаштанып барасың": хиджабын шешкен Ақбота жұртқа жақпай қалды
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Актриса Ақбота Сейітмағамбет желідегі парақшасында ашық образды суретін бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Қалың көпшілік бұған дейін хиджаб киіп, енді денесін жалаңаштап жүрген аруды аяусыз сынап тастады, деп жазды paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісінде кезекті фотосессиясын жариялап, оның астына әсерлі жазба қалдырды.

"Бұрынғы қарым-қатынасқа оралу - бір фильмді қайта-қайта көріп, соңы басқаша болатынын күтумен тең" деп жазған ол.

Алайда, өнер иесінің жаңа суреттері желі қолданушыларының көңілінен мүлдем шықпаған. Олар әртістің образын тым ерсі санап, оны сөгіп тастаған. Көпшілік актрисаның мұндай форматтағы түсірілімге келісімін қалай бергеніне қатты таңғалып, оған жағымсыз пікірлерін қарша боратты.

"Мына қыздың тірлігі не? Не болып жатыр сенімен? Қашан мұндай деңгейде өзгеріп кеттің?" , "Хиджабқа кіріп, сосын шешініп кеткенің - күнә. Саған жаным ашиды", "Хиджаб кигенінде қатты қуанып едім. Масқара", "Саған оқытылу керек", "Басында хиджаб киіп, енді жалаңаш костюммен қалған ба?", "Өте сұлу қызсың. Бірақ, тым жалаңаштанып барасың. Соныңмен қадіріңді кетіріп, елге жиіркенішті, жеккөрінішті болып кетпе. Балапандарың өсіп келеді. Кішкене сабырлы бол", "Қадіріңді кетірме", "Сіңілім, бұл әрекетің тым артық әрі ұят болды" деп жазуда көпшілік.