Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қызылордалық "емші бала" отбасын құрды

"Мадикош, Алла біздің өмір жолымызды бірге және ұзақ етсін! Бақытты болайық! Әумин!" деп жазды ол.

Қызылордалық "емші бала" отбасын құрды
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Дүйім жұртқа "Үкілі бала" деген лақап атпен танылған қызылордалық емші жігіт Ербосын Серікбай отбасын құрды, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл қуанышты жаңалығымен емшінің өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Бәріне сәлем! Ең алдымен, маған өмірдің жарығын сыйлағаны үшін Аллама, мені тәрбиелеп өсірген, маған бар жақсылықты берген ата-анама алғыс айтамын! Енді маған да ересек өмірге алғаш рет қадам жасайтын уақыт келді. Біздің осы таңдауымызға қолдау көрсеткені үшін барлық отбасы мүшелеріме және достарыма алғыс айтамын. Мадикош, Алла біздің өмір жолымызды бірге және ұзақ етсін! Бақытты болайық! Әумин!" деп жазды ол.