Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Әншілер мен блогерлер халықты обырға тегін тексерілуге шақырды (ВИДЕО)

Қазақстанда жыл сайын 36 мыңға жуық жаңа қатерлі ісік ауруы тіркеледі...

Әншілер мен блогерлер халықты обырға тегін тексерілуге шақырды (ВИДЕО)
Фото: paryz.kz

Бүгін - дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Осы атаулы датаға орай еліміздің эстрада жұлдыздары, тележүргізушілер мен блогерлер арнайы видео түсіріп, халықты қатерлі ісікке тегін тексерілуге шақырды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып, paryz.kz хабарлады. 

Қазақстандық онкологтардың акциясын Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Баян Мақсатқызы, Жеңіс Ысқақова, Рүстем және Алинур Нұржігіт, Айгүл Мүкей, Сағынай Абдулин, Айбек Жансейітов (Бүркіт), Елена Исаева, Аида Кауменова, Жанна Орынбасарова, Айгүл Бабаева, Аша Матай, Нұрберген Махамбетов және Айсәуле Бақытбек қолдады.

Ең көп таралған қатерлі ісік түрлерін ерте анықтауға арналған онкоскринингтерді тұрғылықты жері бойынша (тіркелген жері бойынша) емханалардан өтуге болады. Бұл - сүт безі қатерлі ісігінің скринингі. 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер 2 жылда 1 рет жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингінен, 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер 4 жылда 1 рет колоректальды қатерлі ісік скринингінен (тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі) өткені жөн. 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет скрининг тексеруге бағаны дұрыс.

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасы бойынша Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аталып өтеді. Қазақстанда жыл сайын 36 мыңға жуық жаңа қатерлі ісік ауруы тіркеледі.