Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Мақпал Исабековадан анасы өзінің ұйғыр екенін жасыруды сұраған (ВИДЕО)

"Алғаш Алматыдан барғанымда анама: "Мама, білесіз бе, Алматыда ұйғырларды жақтырмайды екен", - дегенмін...

Мақпал Исабековадан анасы өзінің ұйғыр екенін жасыруды сұраған (ВИДЕО)
фото: apkpure.com

Бұл туралы Caravan.kz "Честно говоря" бағдарламысына сілтеме жасап хабарлады.

Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов:

"Сен бір сұхбатыңда "анам өзінің ұйғыр екенін айтпа деді" деген болатынсың. "Өзім де, әкем де қазақ деп айт. Менің кесірімнен саған қандай да бір қиындық келгенін қаламаймын" деп айтқан екен..." - деп әншінің құпиясын білуге тырысты.

Мақпал Исабекова өнер жолына ең алғаш келген кезде анасының өзінің ұйғыр екенін жасыруын өтінгенін мойындады. Дегенмен әнші оны жұрттан жасырғысы келмеген.

"Алғаш Алматыдан барғанымда анама: "Мама, білесіз бе, Алматыда ұйғырларды жақтырмайды екен", - дегенмін. Өзім Жаркент қаласында туып-өскенмін. Ол жақта да әртүрлі ұлт өкілдері бар. Әрине, ұйғырлар өте көп. Маған ол кезде ұйғырлардың арасында болғандықтан, аса байқалмаған еді. Бір сыныпта әртүрлі ұлттармен оқығанмын", - деп ағынан жарылды әнші.