"Біріншіден, шығармашылық тоқырау болды. Оған психологиялық тұрғыда дайын болмады. Екіншіден, өзі өмірден шаршадым деді..." - дейді Ерболат Беделхан.
Ерке Есмахан мен Ninety One тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаев көңіл қосты. Мұны Еркенің өзі мойындады. Екі әнші бір-бірінің жазбасына да еркін пікір жазып, желі қолданушыларының қызығушылығын арттырды, деп хабарлады paryz.kz.
Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан Ерке мен Азаматтың кездесіп жүргенін білгенде өзім де таңғалдым, оның топтан кетуіне Еркемен қатынасы кедергі болған жоқ дейді.
"Мен Азаматтың Еркемен кездесіп жүргенін де білмейді екенмін. Мен жақында ғана естідім. Азамат Ninety One тобының балаларымен араласады. Олар әлі де бауыр, дос. Солардан сұрағанымда, екеуінің кездесетінін айтты. Ал Азаматтың топтан шығуына Ерке кедергі болған жоқ. Басқа жағдайлар себеп. Біз ұзақ жылдар бойы осыған келдік. Ұрыс болды, қақтығыстар болды деп айтады. Бірақ Азаматтың топтан кетуі - өзінің қалауы. Біріншіден, шығармашылық тоқырау болды. Оған психологиялық тұрғыда дайын болмады. Екіншіден, өзі өмірден шаршадым деді. Мен біраз уақыт бердім. Үзіліс алып, демалып көр дедім. Топтан шықпай-ақ, өзіңе кел дедім. Бірақ өзі қаламаған соң мен оны ұстамадым", - деді продюсер.
Әншімен ешқандай дау болмаған. Азамат келісімшарттың бұзылғаны үшін өтемақы да төлемеген.
"Талап орындалмады деп өтемақы талап еткен жоқпын. Маған ондай керек емес. Мен оған өзінің брендке айналған есімін де, әндерін де өз еркіне беріп жібердім. Оған дейін бәрі маған тиесілі еді. Мен ешкімді күштеп ұстамаймын. Кетем деген адамды еркіне жіберемін. Себебі адамда өз еркі болуы керек. Ал Еркемен қатынасы туралы ешнәрсе айта алмаймын. Өз өмірі, өзі біледі",- деді Ерболат Беделхан.