Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Әйелін "20 қойға сатқан" актердың өзін Айгүл Иманбаеваның әкесі құлдықта ұстаған

"Қызы мен туралы білмейді. Серік Иманбаев маған ақыңды беремін, ренжітпеймін деген. Бірақ 4 ай мал баққанда ақша алған жоқпын..." - дейді ол.

Әйелін "20 қойға сатқан" актердың өзін Айгүл Иманбаеваның әкесі құлдықта ұстаған
фото: видеодан скриншот

Бұған дейін "Секер" фильмінің актері Кенже Ешимовтің өз әйелін 20 қойға сатып жібергенін жазған болатынбыз. Ал 28 жастағы оның өзі, керісінше, әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның әкесінің малын қарап, соның қоластында 4 ай жұмыс істеген болып шықты. Ол үшін ешқандай ақы алмапты, деп хабарлады paryz.kz, "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Кенже Ешимов - "Айналайын" балалар үйінен шыққан. Әке-шешесі тірі бола тұра, жетімдер үйінде тәрбиеленген. Одан кейін оқуға түскен. Алайда оқуын аяқтай алмапты. Әртүрлі жұмыс істеп, күнін көрген. Осы ретте ол Айгүл Иманбаеваның әкесі Серік Иманбаевтың қолына түскен.

"Балалар үйінен шыққан соң жұмыс істеп, күн көрдік. Серік Иманбаевтың фазендасында жұмыс істедім. Малын бақтым. Ол - Айгүл Иманбаеваның әкесі. Қызы мен туралы білмейді. Серік Иманбаев маған ақыңды беремін, ренжітпеймін деген. Бірақ 4 ай мал баққанда ақша алған жоқпын. Сұраған да жоқпын. Кейбір заттарды "сен алдың" деп менен көріп жүрді. Тамағымды берді. Ұрып-соққан жоқ. Өзі де кейде аздап ішімдік ішетін. Сосын мен кетіп қалдым", - дейді Кенже. 

Ал оның азаматтық некедегі әйелі мен Медина есімді қызы басқа жақта құлдықта болған. Әйелі Сарбиназ желіде танысқан азаматтан көмек сұрап, жағдайын айтқан. Онымен танысқан Марат есімді азамат студияға келіп, жағдайды баяндады. 

"Мен желіде Сарбиназ есімді қызбен таныстым. Ол менен көмек сұрады. Құлдықта жүрмін, мені шығарып алыңызшы деді. Мен балаларды жіберіп, оны ата-анасымен сөйлестірдім. Кейін бір рет кездестік. Алматыға келгенде шай-тамағын, бір күнге жатар жерін тауып бердім. Ол өзінің еріксіз жүргенін айтты", - деді ол. 

Сарбиназ 6 жыл бұрын Өзбекстаннан келген. Содан бері ата-анасын көрмеген. Хабарласа алмаған. Анасы көмек сұрап, қызын қайтаруды сұрады. 

"Сарбиназды 6 жылдан бері көрмедік. Кіммен, қайда, не істеп жүргенін білмеймін. Үйге қайтуына көмектесіңіздерші", - деді анасы. 

Тағы оқи отырыңыз: "Секер" фильмінің актеры әйелін 20 қойға сатып жіберген (ВИДЕО)

Ал жолдасы Кенженің айтуынша, ол әйелі мен қызын ақшаға сатып кетпеген. Керісінше, әйелімен жанжалдасқан соң, өзі кетіп қалған екен. 

"Сарбиназдың басқа жігіттермен кездесіп жүргенін білдім. Ішімдік іштім. Екеуміз ұрсыстық. Оны шапалақпен ұрдым. Кейін кетіп қалдым. Ол басқа еркектен бала туғанда да кешіргем. Одан кейін бірге тұрғанбыз. Бірақ кейін қайта бармадым", - деді Кенже.