Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Әйтеновтің әншілерден тұратын "командасы" сайқымазақпен толықты

Қазақ мемлекеттік циркінде қоластындағы қызметкерлері Мұтұрғановтың іскерлігіне күмән келтіріп, оған қарсы шыққан еді...

Әйтеновтің әншілерден тұратын "командасы" сайқымазақпен толықты
фото: ашық дереккөз

Әнші, биші, тамада, әртіс қауымның үміттері үзіле бастады. Індетке байланысты тойханаларда аста-төк той жасауға әлі рұқсат берілмеді. Осыған байланысты өнер адамдары жұмыс іздеп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл Шымкент мәдени ошақтарға өнер адамдарын жинай бастады. Мегаполистегі "жылы орындарға" жайғасқан Сәкен Майғазиев, Майра Мұхамеджанова, Ақбота Керімбековалардың қатары тағы бір жұлдызбен толықты. Ол - Мұрат Мұтұрғанов. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі, педагог Өмір Шыныбекұлы Facebook-тегі парақшасына жариялады.

"Әлемге танымал цирк әртісі Мұрат Мұтұрғанов Шымкент циркіне қызметке келді. Мұрат секілді майталман маманның қаламызға келуін тек қолдауымыз керек", - деп жазды ол. 

Тағы оқи отырыңыз: Әйтеновтің әншілері: Керімбекова да Шымкентке басшы болып барды

Еске сала кетсек, 2013 жылы Мұрат Мұтұрғанов өзінің қалауымен Қазақ мемлекеттік циркі директорының орынбасары міндетін атқарушы қызметінен кету туралы өтініш жазған болатын. Себебі қоластындағы қызметкерлері Мұтұрғановтың іскерлігіне күмән келтіріп, оған қарсы шыққан еді. Шымкент қалалық әкімдігі Мұтұрғановқа екінші мүмкіндік беру керек деп шешкен сыңайлы.