Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Секер" фильмінің актеры әйелін 20 қойға сатып жіберген (ВИДЕО)

"Мені бұл жердегілер құлдықта ұстап отыр, құжаттарымның барлығын алып қойған. Қалай кетуді білмеймін..." - депті келіншек.

"Секер" фильмінің актеры әйелін 20 қойға сатып жіберген (ВИДЕО)
фото: коллаж

Күйеуі 20 қойға айырбастаған қазақ қызы құлдықтан құтылғысы келетінін жеткізген. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды, деп хабарлады paryz.kz.

Сарбиноз есімді әйел виртуалды әлемде Марат есімді жігітпен танысып, оған өзінің құлдықта екенін айтып, көмектесуін өтінген.

"Мені күйеуім 20 қойға сатып кеткен. Мені бұл жердегілер құлдықта ұстап отыр, құжаттарымның барлығын алып қойған. Қалай кетуді білмеймін. Өтінемін, көмек беріңізші!" - депті келіншек.

Ал виртуалды әлемдегі "махаббаты" Марат оның жеке нөмірін алып көмектеспек болғанда, қазіргі күйеуі яғни фазенда бастығы әйелдің жағдайы жақсы екендігін айтып, жігіттің өзін қорқытқан. Біраз уақыт жоқ болып кеткен әйел кейін қайтадан байланысқа шығады. Ал Марат бұл жағдайды бей-жай қалдырмай, "Астарлы ақиқат" бағдарламасына хабарлаған.

Бір қызығы, құлдықтағы әйелдің бұрынғы күйеуі "Секер" атты отандық киноға түскен Кенже Ешимов болып шықты. Сол себепті болар, желі қолданушылардың көбі құлдықта отырған әйелге сенбейтіндіктерін жазысуда.