Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Олжас Сүлейменов зайыбымен бірге коронавирус жұқтырды

"Маргарита Владимировна Олжасқа қарағанда ауыр халде" деп жазды Ғабдулин.

Олжас Сүлейменов зайыбымен бірге коронавирус жұқтырды
фото: ашық дереккөз

Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның зайыбы Алматыда коронавирус жұқтырды, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған.

"Бүгін, 14 қаңтарда арнайы бригада оларды коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Онда кіруге болмайды. Маргарита Владимировна Олжасқа қарағанда ауыр халде. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен олардың қызы Мәдинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға айтарлықтай себеп жоқ, ем қалыпты жүріп жатыр" деп жазды Ғабдуллин.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Олжас Сүлейменов пен оның зайыбының коронавирус жұқтыруына байланысты ауруханаға жатқызылғанын растады.

"Олжас Сүлейменов пен зайыбы РВ-90 ауруханасына жатқызылды. Олардан коронавирус анықталды. Алайда ерлі-зайыпты қазір жазылды. Ертең, 15 қаңтарда олар аураханадан шығарылады", - деді басқарма өкілдері.