Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

"Қызым бірінші рет сайлауға барды...": Жүнісова өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Ал желі қолданушылары көпшілікке ренжіген әншіге қолдау білдіруде.

"Қызым бірінші рет сайлауға барды...": Жүнісова өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әнші Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында қалың көпшілікке ренішін білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Өзін "Заманбекті сатып кетті" деп кінәлағандарға Мұқағалидың өлеңіне жазылған әнмен жауап беруді шешіпті.

"Қазір енді мені қаралаған, маған қара жаққысы келетін, Зәкеңді сатып кеткен сатқын деп бүкіл интернетті шулатып жатқан өзіміздің қазақ ағайындарға Мұқағалидың өлеңін жеткізгім келеді. Әркімге бір жабыстырып Қытайға байға шығып кеткендей болдық қой. Осы елге қызмет етіп жүргенімізге, Отанымыз деп жырлап жүргенімізге 40 жыл болыпты. Аллаға шүкір деймін жалпы. Сондықтан да әркімнің өз таңдауы болады. Менің қызым да өз таңдауын жасады. Бірінші рет сайлауға барды. Мені қалай қараласаңдар да, сіздерде ютубқа салу деген, адамды мазақ қылу деген, қаралау деген түкке тұрмайтын болды ғой. Аллаға тапсырдым сіздерді. Өзімнің арым таза екенін білемін. Зәкеңнің түтінін түтетіп отырғаныма 15 жыл болды. Қызымды өсірдім, Аллаға шүкір! Ешкімге қолымды жайған жоқпын", - деді Мақпал Жүнісова. 

Ал желі қолданушылары көпшілікке ренжіген әншіге қолдау білдіруде.