Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Жезғазған тұрғынының көлігінен 200 келі қола табылды

Жезқазған полицейлері мекемеден түрлі-түсті металлдың ұрлау жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезғазған тұрғынының көлігінен 200 келі қола табылды
Фото: polisia.kz

23 қыркүйек сағат шамамен 8.30-да Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ қызметкерлері қаланың бір мекемесінен шыққан көлікті тоқтатқан.

«Тексеріс барысында көліктің ішінен полицейлер 200 келі қола тауып алды. Жүргізушісі, 57 жастағы ер адам қажетті құжаттарды көрсете алмады», - делінген ақпаратта.

Қазір ұсталған азаматқа қатысты түрлі-түсті металлды заңсыз тасымалдау фактісімен Қазақстан Республикасының ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.