Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақстанда адам ағзасын тасымалдаған топ ұсталды

Қазақстанда жыл сайын 80-ге жуық тұрғын адам саудасының құрбаны болады. Жыл сайын адам саудасына қатысты 180-ге жуық іс қозғалады.Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев айтты.

Қазақстанда адам ағзасын тасымалдаған топ ұсталды
Фото: epravda.com.ua

 «Соңғы жылдары шетелге сексуалдық құлдыққа 15 адамның шығарылғаны анықталды. Өткен жылы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекеті кесілді. Оның бірі адам ағзаларын тасымалдауды ұйымдастырған, ал екіншісі – жезөкшелікті ұйымдастырып, жеңгейтайлықпен айналысқан. Соңғы жылдары біздің азаматтарды Бахрейнге, Түркияға және Оңтүстік Кореяға сексуалдық құлдыққа апару каналдары кесілді. Бізде сыртқы және ішкі адам трафигі мәселелері кезігеді», - деді Думан Таев.