Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Полиция қызметкеріне пара бермек болған ақтөбелік айыппұл төлейді

Ақтөбе тұрғыны полицияға 10 мың теңге пара бермек болып, қылмыстық жауапқа тартылды. Ол енді айыппұл төлейді.

Полиция қызметкеріне пара бермек болған ақтөбелік айыппұл төлейді
Фото: Kazinform

№2 Ақтөбе қалалық сотында полиция қызметкеріне пара бермек болған сотталушының ісі қаралды. Іс материалына сүйенсек, көлік айдауға құқығы жоқ сотталушы мас күйінде рульге отырған. Полиция қызметкеріне ұсталған сәтінде ол әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырмай-ақ қоюды өтініп, 10 000 теңге ұсынған. 

- Бұл іс сотқа прокурор мен айыпталушы арасындағы кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде келіп түсті. Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады. Прокурор Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды және оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Соттың үкімімен солтталушы кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 112 500 теңге сомасында параның он бес еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ,- деп хабарлады Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.