Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазған шаруа қожалығының басшысы ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикаға қарсы іс - қимыл, жалған шот-фактуралар жазып беруді анықтау және жолын кесу жөніндегі жүйелі жұмысты жүргізуде, деп хабарлайды Paryz.kz.

1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазған шаруа қожалығының басшысы ұсталды
Пресс-служба АФМ

Бұл бағытта тек Қостанай облысында бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, 2022 жылы Қостанай облысының аумағында 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 контрагенттің атына шот-фактуралар жазып беруді жүзеге асырған шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде, бұл контрагенттерге мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 200 млн. астам теңге.салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.