Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматы жылу желілерінің басшылығына сот үкімі шықты

Алматыда ірі көлемде пара алған басшылар сотталды, деп хабарлады Paryz.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы жылу желілерінің басшылығына сот үкімі шықты
фото: tengrinews.kz

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алған лауазымды тұлғалар сотталды: 

  • «Алматы жылу желілері» ЖШС (АЖЖ) бас директоры К. Бейсенбиновке 560 млн теңге айыппұлға;
  • АЖЖ бас инженері Д. Қазымбетов 560 млн теңге айыппұлға;
  • АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының басшысы С. Джингильбаев 560 млн теңге айыппұлға;
  • Пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б.Разимбеков 400 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Олар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн теңге болды. Бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.

АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн теңге пара алды деп күдікке ілінді.

Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.