Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«40 миллион теңге пара алған»: Солтүстік Қазақстанда белгілі генералдың қолына кісен салынды

Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Берік Біләлов ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«40 миллион теңге пара алған»: Солтүстік Қазақстанда белгілі генералдың қолына кісен салынды
Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Біләловтың қамауға алынғанын растап, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің қатарында болмағаны хабарланды.

Дереккөздердің мәліметінше, Біләлов 40 млн теңге пара алғаны үшін ұсталған. Алайда, бұл әлі расталған ақпарат емес.

Біләлов 2022 жылдың қараша айынан бастап СҚО ҚАЖД бастығының міндетін атқарды, оған дейін 2019 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Ақмола облысының полиция департаментін (ПД) басқарды, одан ертерек – 2014 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың сәуіріне дейін СҚО ПД бастығы болды.