Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, - деп хабарлайды  Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды
фото: tengrinews.kz

20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушы кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Полиция қызметкерлері аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткенін анықтады.

Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

Бұл бапқа сәйкес, осындай қылмыс жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.