Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Біртановқа қатысты сот үкімі шықты
Фото: tengrinews.kz

"Біртанов Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және бес жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын", - деді судья Ибрагим Әлкенов.

Санавиация бортын заңсыз пайдаланды деген айыппен судья Біртановты ақтады.

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.