Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Karabatan Utility Solutions" ЖШС экс-басшысы Қ. Ахметов пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ экс-төрағасы Б. Сандыкбаев тұтқындалған

Кейбір дереккөздерден жеткен ақпар бойынша, ҚМА "Karabatan Utility Solutions" ЖШС экс-басшысы Қанат Ахметов пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ экс-төрағасы Болаткан Сандыкбаев тұтқындалған деп хабарлайды Рaryz.kz t.me/yyedilov сілтеме жасап.

"Karabatan Utility Solutions" ЖШС экс-басшысы Қ. Ахметов пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ экс-төрағасы Б. Сандыкбаев тұтқындалған
Ак Жайык

Олар Атырау мұнай өңдеу зауытының қажеттілігіне жұмсалатын электр қуатын жұмсауға арналған қаржыны жымқырды деген күдікке іліккен. Бұл іске қатысты белгілі болғандай, ұрлық схемасы делдал компания «Karabatan Power» ЖШС іске асырылған. Ахметов пен Сандықбаевтың араласуымен, аталмыш компания «Karabatan Utility Solutions» ЖШС төменгі бағамен электр қуаты алынып, АМӨЗ жоғары бағамен сатылып келген. 

«Karabatan Power» ЖШС негізінде «Самрук-Казына» Қорының екі серіктес компанияларының арасындағы "төсем" іспеттес болған. Негізсіз кірісті делдал құрылтайшылардың есеп-шоттарына дивидент ретінде аударып отырған. Атап айту керек,  «Karabatan Power» ЖШС құрылтайшылары Ахметов пен Сандықбаевтардың туыстары екен. Инсайдерлік дереккөздерден түскен мәлімет бойынша, зиянның құны 200млн теңге делінген @yyedilov арнасында.