Нұр-Сұлтанда экс-мәдениет министрі, Қазақстан ұлттық музейінің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды, деп жазады Рaryz.kz stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қалалық соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің "Сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жария етуге жол бермеу" бабы бойынша БАҚ өкілдері үшін шектеу енгізілдіктен, журналистер сотқа қатыса алмайды.
Еске салсақ, осы жылы 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамауға алынды. Оны бюджет қаржысын жымқырды деп айыптап жатыр.
Антикордың мәліметінше, 2017-2018 жылдары "Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру" жобасын іске асыру кезінде 1,2 млрд теңге ұрланған. Ал жұмыстардың нақты құны небәрі 83,4 млн теңгені құрағаны анықталды.
29 мамырда Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы басшысының қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ ресми мәлімет бойынша оның екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.