Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкентте пара алып ұсталған денсаулық сақтау саласының шенеуніктері 20 миллионға дейін айыппұл төлеуге міндеттелді

Шымкентте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Құрбанходжаев сот үкімі бойынша айыпты деп танылды, деп жазады Рaryz.kz   Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкентте пара алып ұсталған денсаулық сақтау саласының шенеуніктері 20 миллионға дейін айыппұл төлеуге міндеттелді
ашық дерек көздерінен

Құрбанходжаевқа 27 миллион теңге айыппұл салынды.  Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Тұрманов, "Кәусар клиникасы" ЖШС басшысы Адахамов, "Низам Ата" ЖШС өкілдері Ахмадалиев пен Нышанбаев 2 миллионнан 20 миллионға дейінгі аралықта айыппұл төлейтін болды. 

Сот үкімі бойынша Құрбанходжаев Адахамов пен Нышанбаев делдалдығымен "Низам Ата" ЖШС және "Кәусар клиникасы" медициналық орталығының басшылығынан медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру үшін 800 мың теңге көлемінде пара алу үшін кінәлі деп тапты.

Ал Тұрмановты Нышанбаев арқылы бірқатар тұлғалардан клиникалық тәжірибеге жіберу үшін маман сертификатын алуға жалпы сомасы 60 мың теңгені құрайтын жүйелі пара алу фактісі бойынша кінәлі деп тапқан.

Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.