Шыны зауыты басшысының заңгері Болат Назарбаевтың әрекетке қабілеттілігіне күмән келтірді деп жазады Рaryz.kz Оrda.kz сілтеме жасап.
15 шілдеде Алматы қаласының № 2 Әуезов аудандық сотында Болат Назарбаевтың Әзім Абдуллаевқа қарсы ар-намысты қорғау туралы талап арызы бойынша іс басталды.
Бұған дейін кәсіпкер әрі «Алматы Стекло» ЖШС құрылтайшысы Әзім Абдуллаев Болат Назарбаевты кәсібімді рейдерлік жолмен басып алды деп айыптаған болатын.
Екі ай бұрын шыны зауытының құрылтайшылары Әзім Абдуллаев пен оның әпкесі Ғұмай Болат Назарбаев пен оның отбасына қарсы экономикалық сотқа арыз түсірген.
Осыдан кейін рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталған Болат Назарбаев Әзім Абдуллаевтың үстінен ар-намысын қорғау туралы талап-арыз берді. Алғашқы кездесу 15 шілдеде өтті.
Сот кәсіпкердің адвокатының Orda.kz журналисінің сотқа қатысуы туралы өтінішін қанағаттандырды, бірақ Болат Назарбаевтың сотқа қатысу туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Әзім Абдуллаевтың адвокаты Арман Жақсылықов Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) жүгіну арқылы Болат Назарбаевтың қайда екенін анықтау туралы екі ұсыныс жасады.
Адвокат бірінші өтініш бойынша Болат Назарбаевтың сотқа жеке қатысуын және сотқа талап-арыз беру еркін растауды талап етті. Арман Жақсылықов бұл талапты БАҚ-та Назарбаевтар отбасы мүшелерінің барлығы шетелде деген ақпараттың жариялануымен негіздеді. Бұған қоса, Жақсылықов, Болат Назарбаевтың ауыр науқасқа шалдыққандығы, мүмкін сотқа беруге келіспейтіндігі немесе мәселені түсінбегендігі туралы қауесет тарағанын айтады.
Адвокат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне де сауал жолдаған. Ол мұны 2022 жылдың 22 сәуірінде Болат Назарбаевтың өкілі Бауыржан Жақсыбаевқа сенімхат берілген кезде талапкердің Қазақстанда жоқ екендігімен түсіндірді. Адвокаттың айтуынша, Болат Назарбаев Қазақстаннан тыс жерде емделіп жүрген болуы мүмкін.
Сот екі өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Келесі сот отырысы 22 шілдеге белгіленген.