Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Атырау облысында қазынаның 126 млн теңгесін жымқырған директор сотталды

Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагузов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген, деп жазады Рaryz.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Атырау облысында қазынаның 126 млн теңгесін жымқырған директор сотталды
ашық дерек көздерінен

Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім еткендей, Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагузов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген.

«Ол қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген. Тергеу кезінде аталған залал мөлшері толығымен мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді», - делінген хабарламада.

Сот үкімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.