Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Жамбылдық шенеуніктер студенттерге бөлінген миллиондаған қаржыны қалтаға басқан

Жамбыл облысында "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден астам қаржы жымқырылған, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап. 

Жамбылдық шенеуніктер студенттерге бөлінген миллиондаған қаржыны қалтаға басқан
ашық дерек көздерінен

Бюджет ақшасын бас пайдаға жарату фактісін қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Ақпаратқа сүйенсек, білім беру саласындағы жемқорлықты аумақтық департамент анықтаған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде. Сол нәтижеге сай қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады,

— делінген агенттік ақпаратында.

Жалпы "Жас маман" жобасының мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Бірақ бөлінген бюджет қаражаты оқу орны технологиясын жаңартудың орнына, білім саласындағы қызметкерлердің қалтасына кеткен.