Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Астана LRT ісі: Прокуратура жаңа мәлемдеме жасады

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтің ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің жанжал тудырған LRT ісін тергеуге кедергі келтіргені туралы ақпаратына түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана LRT ісі: Прокуратура жаңа мәлемдеме жасады
Сурет: arch-sochi.ru

Қанат Сұлтанбеков қаңтар айында әлеуметтік желіде ҰҚК-нің бұрынғы басшысын жазықсыздарды заңсыз қудалады және жолдастарының қылмысын жасырды деп айыптаған.

Енді сіз, Мәсімов, «Астана LRT» жобасының тергеуіне неге қатты араласып, өзіңізге берілген бар өкілеттікпен менің айғақтарыма жол бермей, жобаның ақшасын жымқырды деген айыптың барлығын маған жауып тастағаныңыз белгілі болды. Өйткені, 2015 жылы желтоқсанда осы жобаның несиелік құжаттарына қол қойған кезде Қытай даму банкінен несие алудың бастауында өзіңіз тұрдыңыз», - деп жазды Сұлтанбеков.

Прокуратура Мәсімовтен Астана LRT ісі бойынша жауап алынды ма, жоқ па деген сауалға жауап берді.

Сұлтанбековтің ҰҚК-нің бұрынғы басшысы К. Мәсімовке қатысты жариялауына қатысты, соңғысының іс бойынша айыпталушы болып табылмайтынын, сондықтан одан жауап алудың қажеті жоқ екенін хабарлаймыз, – деп түсіндірді прокуратура.

Прокуратураның мәліметінше, Қанат Сұлтанбековтің өзі АҚШ-та, ал Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда деген болжам бар.

Осыған байланысты Арданды экстрадициялау материалдары Түркияға жіберілді. Онда бұл елдің құзырлы органдары оны анықтау және ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сұлтанбековке де экстрадициялау туралы сұрау салу жіберілді. Оны Қазақстанға беру мүмкіндігі бар. АҚШ-тың құзырлы органдары қарастыруда, – деді Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы.