Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

ШҚО-да пара алу фактісі туралы хабарлаған тұрғын 4 млн теңге сыйақы алды

Ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда диплом беру немесе алғыс жариялау түріндегі марапаттар белгіленуі мүмкін.

ШҚО-да пара алу фактісі туралы хабарлаған тұрғын 4 млн теңге сыйақы алды
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстандық тұрғын пара алу фактісі туралы хабарлағаны үшін 4 млн теңге сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Paryz.kz

YK-news сайтының мәліметінше, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында пара алу фактілерін хабарлаған алты адамға сыйақы табыс етілген.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын хабарлағаны үшін берілетін сыйақының ең жоғары мөлшері 4 млн теңге, ал ең азы 138 900 теңге, - дейді ведомство.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрғындарды сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтаған жағдайда үнсіз қалмауға шақырады.

Естеріңізге салайық, ауырлығы төмен хабарламалар үшін 40 айлық есептік көрсеткіш (116 680 теңге), орташа ауырлық дәрежесі үшін 50 АЕК (145 850 теңге) ал ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар бойынша тиісінше 70 АЕК (204 190 теңге) және 100 АЕК (291 700 теңге) қарастырылған. 

Ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда диплом беру немесе алғыс жариялау түріндегі марапаттар белгіленуі мүмкін.