Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қостанай облысында "Қазпошта" қызметкері зейнеткердің ақшасын ұрлап келген

Қарт әйелдің зейнетақы шотынан жалпы 440 мың теңге ұрланған.

Қостанай облысында "Қазпошта" қызметкері зейнеткердің ақшасын ұрлап келген
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында "Қазпошта" қызметкерінің зейнетақы ұрлау фактісі анықталды деп хабарлайды Paryz.kzАлау-ТВ арнасына сілтеме жасап.  

Октябрь кентінің Лисаков пошта байланысы бөлімшесінің басшысы 2020 жылғы қазан айынан бастап 2021 жылғы шілде айына дейінгі кезеңде зейнеткердің қаражатын ұрлаған.

Өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қызметкер ақша алуға құқық беретін кассалық-шығыс ордерлерін жасаған. "Ақшаны алатын тұлға" тізбегінде алаяқ зейнеткердің қолын қойған.

Қарт әйелдің зейнетақы шотынан жалпы 440 мың теңге ұрланған.

"Қазпошта" қызметкері екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, тауар-материалдық жауапкершілікпен байланысты қаржы ұйымдарында 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.