Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қызылорда облысының шенеуніктері 335 миллион теңгені өз мақсаттарына жұмсаған (ВИДЕО)

Құжатта жауаптылар жымқырылған 335 миллион теңге өткен жылы балалардың демалыс лагерінде тынығуларына және ыстық тамаққа жұмсалды деп есеп берген.

Қызылорда облысының шенеуніктері 335 миллион теңгені өз мақсаттарына жұмсаған (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының білім бөлімінен шу шықты. Ауданның білім беру жүйесіне жауапты  шенеуніктер мемлекеттен 335 миллион теңге жымқырып, оған өздеріне қымбат жаңа көліктер мен жиһаздар сатып алған көрінеді деп хабарлайды Paryz.kz, 31-телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Расында Қызылорда облысының Білім басқармасының басынан дау арылмай тұр. Бір ай бұрын ғана сайтымызда  «Хан қызының» қауқары білім бөліміне жетпей отыр» тақырыбымен материал жарық көріп, онда Жалағаш ауданындағы білім беру саласындағы былық сөз болған еді.

Бұл жолы балалар лагерінің ыстық тамағына бөлінген ақшаны оңды-солды шашқан шенеуніктер сот үкімімен 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Алты экс-шенеуніктің қылмысы аудандық білім бөлімін құзырлы органдардың тексеруі кезінде анықталған. Құжатта жауаптылар жымқырылған 335 миллион теңге өткен жылы балалардың демалыс лагерінде тынығуларына және ыстық тамаққа жұмсалды деп есеп берген. Бірақ 2020 жылы пандемияға байланысты демалыс лагерлерінің жұмыс істемегені белгілі болған.

Осылайша, оңай олжалы болам деген шиелілік шенеуніктер және олардың сыбайластарына сот залында кісен салынды. Оларға бас бостандықтарынан айыру және мүліктерін тәркілеу жазасы берілді.