Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Атырауда сотталған Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінен кетпепті

Ол 54 млн теңге жымқырды деп айыпталып, сотта кінәсі дәлелденген еді.

Атырауда сотталған Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінен кетпепті
фото: gov.kz

Жуырда ғана сотталған Атырау облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Толғанай Көлбаева бұрынғыша өз жұмысын істеп жатыр. Ақпаратты ведомство растады деп хабарлайды Paryz.kz"АқЖайық" басылымына сілтеме жасап.

Иә, ол жұмыс істеп жүр. Толғанай Көлбавағеа қатысты кепілге алу түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. №2 қалалық сотының үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол жұмыстан шығарылады. Сот барысында ол өзіне тағылған азаматтық талапты толық мойындады, сондай-ақ мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеді және тиісті түбіртекті көрсетті, - деп хабарлады Атырау облысының Білім басқармасынан.

Ал ведомство басшысы Сатқан Есенғалиев әзірге отставкаға өтініш бермеген. Заң бойынша қарамағындағы қызметкеріне қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде отставкаға өтініш берілуі тиіс.

Еске сала кетсек, Атырау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Толғанай Көлбаева 54 млн теңге жымқырды деп айыпталып, сотта кінәсі дәлелденген еді. Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Қылмыстық кодекстің 74-бабы, 1-бөлігі негізінде сотталушының кішкентай балалары болуына байланысты тағайындалған жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегеріледі, - делінген сот үкімінде.