Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда күн суытады

Республикамыздың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбыр жауады деп күтіледі: солтүстікте найзағай жарқылдап, нөсер болады деп болжанады.

Қазақстанда күн суытады
фото: ашық дереккөз

Синоптиктер Қазақстанда 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен бөлісті деп хабарлайды Paryz.kz

Республикамыздың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбыр жауады деп күтіледі: солтүстікте найзағай жарқылдап, нөсер болады деп болжанады.

Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз. 8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді. Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы +5–10, күндіз +14–22 градус, солтүстікте және орталықта сынап бағаны түнде +2–7, күндіз +13-23 градус, шығыста түнде +7–12, күндіз +20–25 градусты көрсетеді. Республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы +10–15, күндіз +22–27 градус ыстық болады деп күтіледі, - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.