Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Еліміз тағы бес вакцина шығаруды жоспарлап қойыпты (ВИДЕО)

Соның арқасында импорттық екпенің үлесін азайтуға болады. 

Еліміз тағы бес вакцина шығаруды жоспарлап қойыпты (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының жанынан салынған OtarBioFarm зауыты бір айдан кейін іске қосылады деп хабарлады Paryz.kz, 24.kz-ке сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін институт ғалымдары сан алуан аруларға қарсы 67 вакцина ойлап тапқан. Олар коронавирусқа қарсы QazVac екпесін де шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, отандық вакцинаны 300 мыңнан астам адам салдырды. Оны басқа елдерге гуманитарлық көмек ретінде жеткізіп жатыр.  

Былтыр институт жанынан OtarBioFarm зауытының негізі қаланған болатын. Қазіргі кезде автоматтандырылған құрал-жабдықтарды іске қосып, сынақтан өткізіп жатыр. Келесі айда өндірісті іске қосу жоспарланған.

Алайда проблемалар да жоқ емес. Вакцинаны өндіруге қажетті шикізат пен реактивтерді жеткізу жүйесі әлсіз. Оған қоса, маман тапшылығы бар.  

Бізге жастар келмейді. "Болашақ" бағдарламасының бірде-бір түлегі жоқ. Негізі жастар мен басқа да мамандарды ынталандыру керек. Себебі бұл жай өндіріс емес, бірегей өндіріс, - дейді институт басшысы Күнсұлу Закарья. 

Ал депутат Ирина Смирнованың айтуынша, вакцина жасау жүйесін барынша жетілдіру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек.

Институт мамандары алдағы үш жылдың ішінде тағы бес вакцина шығаруды жоспарлап отыр. Соның арқасында импорттық екпенің үлесін азайтуға болады. Ал екі күннен кейін коронавирусқа қарсы QazCovac-P атты тағы бір отандық вакцинаны екінші клиникалық зерттеуден өткізу шаралары басталады.