Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Әскерилер қымыз ішіп, қазы-қарта жейді": Армияның ас мәзірі өзгереді

"...Тамақ ассортиментін жақсартамыз", - деді Руслан Тапашев.

"Әскерилер қымыз ішіп, қазы-қарта жейді": Армияның ас мәзірі өзгереді
фото: massaget.kz

Қазақстан армиясында әскери қызметшілерді тамақтандыру кезінде ұлттық асхана ерекшеліктері ескерілетін болыпты. Бұл туралы ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев ОКҚ-де өткен брифингте айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Ол әскерилердің тамақтануын одан әрі жақсарту бағытында Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп, азық-түлік нормаларын жетілдіру жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Белгілі болғандай, әскери қызметшілердің ас мәзірін дайындау барысында ұлттық асхананың ерекшелігі ескерілген.

Әскери қызметшілердің тамақтану рационына жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз етін және балық түрлерін қосымша қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ құрт, қымыз, шұбат секілді дәстүрлі тағамдарды да болады. Тамақ ассортиментін жақсартамыз, - деді Руслан Тапашев.