Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Мамай соты қоғамда құқықтық мәдениетті арттырудағы маңызды қадам – заңгер Тәшенова

Аталмыш сот Қазақстан қоғамындағы құқықтық мәдениетті арттырудағы маңызды қадам болды деп хабарлады заңгер Айжан Ташенова.

Мамай соты қоғамда құқықтық мәдениетті арттырудағы маңызды қадам – заңгер Тәшенова
qaz.mediaworld.kz

Кеше Алматы қаласы сотының апелляциясы Әуезов аудандық №2 сотының Б.Байбектің ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөнінде Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қарсы берген талап-арызы бойынша шешімін өз күшінде қалдырды деп хабарлайды Paryz.kz. Аталмыш сот Қазақстан қоғамындағы құқықтық мәдениетті арттырудағы маңызды қадам болды деп хабарлады заңгер Айжан Ташенова.

«Шешім заңды күшіне енді. Осылайша, жауапкерлер бұған дейінгі барлық жалған айыптауларын жоққа шығарып, тиісті материалдарды өшіруі тиіс. Бауыржан Байбек ашық және жария өткен сот отырысында өзінің кінәсіз екендігін заң жүзінде толық дәлелдеді. Бұған дейін ол өзінің ұстанымын ашық түрде жариялап, ресми құжаттарды көрсетіп, егжей-тегжейлі сұхбат бере отырып Ж.Мамайдың өтірігі мен жала жабуын теріске шығарды», - деп жазды Байбектің өкілі.

Заңгер жалпы сот отырыстары нағыз «соқыр мен саңыраудың» әңгімесі форматында өткенін айтты. Талапкер тарапынан – логика мен фактілерге толы құжаттар, сараптамалық материалдар, заңның нақты тармақтарына сілтемелер ұсынылса, ал жауапкерлер мен олардың үш өкілі тарапынан – эмоция мен жалаң мәлімдемелер, фактілерді бұрмалау, алыпқашпа әңгіме айтылып, ешқандай құжаттың болмауы, тіпті кейбір жерде қарапайым сауатсыздық орын алды дейді. 

«Сот процесінің барлық сатыларында жауапкерлердің басқа іспен айналысып, сотқа дайындалмағаны көрініп тұрды. Ең алдымен олар талап-арызға сансыз парақтан тұратын шағым түсірді. Бұл шағымнан сот та, талапкердің өкілі ретінде мен де жарияланған айыптаулар бойынша ешқандай дәлел келтіре алмағанын көрдік. Бұл жай ғана посттар, БАҚ пен аноним телеграм-каналдарда жарияланған хабарламалар, сондай-ақ іске мүлде қатысы жоқ түсініксіз анықтамалар мен құжаттардың жиынтығы еді. «Мамайдың жинағын» жай ғана макулатура деп сенімді түрде айтуға болады», - деп қосты заңгер.

Бұған қоса заңгер жауапкерлердің қорғаушыларының жұмысын сынға алып, аталған сот процессі бүкіл қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейді. Себебі Ж.Мамай мен И.Иманбаева сотта өз сөздерін дәлелдей алмай, өздерін өздері әшкереледі.

«Саяси амбициясы бар адам үшін бұл өзін-өзі өлтірумен тепе-тең деп ойлаймын. Енді Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның кім екенін барлығы білетін болады. Жария түрде жала жапқаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша құқықтық прецедент жасалды. Кінәлілер өздерінің заңсыз әрекеттері үшін лайықты жазаға тартылды. Жалаң ұранды жамылып, басқаларды негізсіз кінәлауға ешкімге де жол берілмейді. Бұл процесс – қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға жасалған елеулі қадам. Бұл кез-келген демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізгі және бұлжымас құндылықтары мен принциптері», - дейді Айжан Ташенова.