Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Еліміздің бір өңірі "жасыл" аймақта

Қазақстанның бірде-бір өңірі «сары» аймаққа енбегеді. 

Еліміздің бір өңірі "жасыл" аймақта
фото: ашық дереккөз

Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймаққа өтті. Қазақстанның үш қаласы  мен он үш облысы  «қызыл» аймақта деп хабарлайды Paryz.kz.  

15 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Бағалау матрицасы бойынша еліміздің үш қаласы мен он үш облысы әлі де қауіпті «қызыл» аймақта тұр. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл»  аймақта тек Түркістан облысы, сонымен қатар Қазақстанның бірде-бір өңірі «сары» аймаққа енбегеді. 

Естеріңізге салсақ, бүгін елімізде 7427 науқастың тіркелді. Оның ең көбі Алматы қаласында (15116), ең азы Түркістан облысында (118) тіркелді.