Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстан қырғыз еліне 1000 тонна бидай бермекші

Министр Қазақбаев Қазақстан тарапының коронавируспен күресте көрсеткен азық-түлік көмегі мен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан қырғыз еліне 1000 тонна бидай бермекші
фото: ашық дереккөз

Бішкекте Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың Қазақстанның төтенше және өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевпен кездесуі өтті деп хабарлайды Paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Қырғызстан СІМ мәліметінше, кездесу туралы ұсынысты Қазақстан тарапы жасаған.

Қырғыз тарапы пандемия кезіне дейінгідей шекара арқылы еркін жүріп-тұру және тауарларды екі елдің аумағы арқылы тасымалдау үшін «Қырғызстан азаматтарының Қазақстанға кіруіне шектеу шараларын тез арада алып тастау» қажеттігіне ерекше назар аударды.

Министр Қазақбаев Қазақстан тарапының коронавируспен күресте көрсеткен азық-түлік көмегі мен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан елшісі бауырлас елге күздік бидайдың 1000 тонна жоғары өнімді тұқымын беруге ниетті екенін айтты.

Сондай-ақ тараптар бірлескен білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуге назар аударды, келесі жылы қырғыз-қазақстан қатынастарының орнағанына 30 жыл толуын бірлесіп мерекелеу мәселелерін талқылады.