Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жарты жылда 10 мыңға жуық адам Қазақстаннан көшіп кеткен

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында болатыны баса айтылады.

Жарты жылда 10 мыңға жуық адам Қазақстаннан көшіп кеткен
фото: ашық дереккөз

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 3662 адамды, елімізден кеткендердің саны 9862 адамды құрады деп хабарлайды Paryz.kz

Көші-қонның сальдосы - 6 200 адамды құрайды, делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында болатыны баса айтылады.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,3% және 82,1%-ды құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 23,5%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (11647 адам), Нұр-Сұлтан (8920 адам), Шымкент (7342 адам), қалаларында және Маңғыстау облысында (327 адам