Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Биылғы ҰБТ нәтижесі жарияланды

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.  

Биылғы ҰБТ нәтижесі жарияланды
фото: ашық дереккөз

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуден 1900-ден астам ғана талапкер 120 балдан жоғары жинай алды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.  

Ұлттық бірыңғай тестілеуге нақты 145 288 талапкер қатысты. Оның ішінде 75,5 пайызы қазақ тілінде, 24,3 пайызы орыс тілінде және 350 адам, яғни 0,2 пайызы ағылшын тілінде тапсырды. Биыл ҰБТ-ның орташа балы 69,08 балл болды. Өткен жылмен салыстырғанда орташа балл 5 балға артты. Ал шекті балды 65 пайызы жинады және 39,4 пайызы шекті балдан өте алмады», - деді вице-министр министрліктің аппарат жиналысында. Оның атап өтуінше, орташа балдың өсуіне оқуға түсушілердің ҰБТ тапсыруға 2 мүмкіндігінің болуы әсер етті. «Осылайша олар өз нәтижелерін жақсарту үшін дайындалуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар электронды форматты енгізу арқылы талапкерлердің жауаптарын түзетуге, тест тапсырмаларын шешуге уақыт жеткілікті болды. 1 923 түсуші 120 баллдан жоғары алды. Ең жоғары балл – 140 баллды бір талапкеріміз жинады. Ол - Павлодар қаласынан Данияр Уәлиев деген оқушымыз. Былтырмен салыстырғанда ең жоғары балл 139 болды. Оны да бір талапкер жинады, - деді ол.