Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізе ме?

Журналист Головкин Канеломен болған екінші жекпе-жектен кейін өз амбициясын жоғалтқанын айтты.

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізе ме?
фото: ашық дереккөз

Boxing247.com тілшісі Альберт Крэйн мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен неліктен үшінші рет жекпе-жек өткізгісі келмейтінін түсіндірді деп хабарлады Paryz.kz, Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әлсіз позиция ұстану Головкиннің мансабына зиян тигізуі мүмкін.

Әрекетсіздік Головкиннің мансабына зиян тигізуі мүмкін. Жанкүйерлері оны бокста бұрынғыдай жиі көрмейді. Головкин  Канеломен  үшінші жекпе-жектің болғанын қалайды, бірақ ол өзінің танымалдылығын сақтап қалу үшін ештеңе істемеді. Тек белсенділік танытып, үздіктермен айқасты, - дейді Крэйн. 

Журналист Головкин Канеломен болған екінші жекпе-жектен кейін өз амбициясын жоғалтқанын айтты.

 

Бұл  Канелоның GGG-мен үшінші жекпе-жекке қызығушылық танытпауының себебі болуы мүмкін. Өйткені ол енді жетістікке жетуге тырыспайды. Головкин Канелодан жеңілгеннен кейін өз амбициясын жоғалтқан сияқты, - деді ол.