Ал 4 шілдеде, синоптиктердің мәліметінше, Жаңаөзенде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде.
Жаңаөзен қаласына шаңды дауыл соғып, артынан нөсер жаңбыр жауды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлеуметтік желілерде видео пайда бола бастады.
"Қазгидрометтің" хабарлауынша, 3 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00 шамасында жел секундына 20 метр жылдамдыққа дейін күшейді. Метеорологиялық көріну 1000 метрден төмендеді.
Ал 4 шілдеде, синоптиктердің мәліметінше, Жаңаөзенде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде. Жауын-шашын болмайды.