Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"28,6 млрд теңге": Ұлттық компания қарызға белшесінен батқан

Бұған дейін, Есеп комитеті мемлекеттік қарыздың қауіпсіз деңгейден асып кетуіне алаңдаушылық білдіргені туралы хабарланған болатын.

"28,6 млрд теңге": Ұлттық компания қарызға белшесінен батқан
фото: ашық дереккөз

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы кредиторларға 28,6 млрд теңге қарыз болды деп хабарлайды Paryz.kz, LS-ке сілтеме жасап.

1 маусымдағы жағдай бойынша компанияның Halyk Bank және "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры алдында 28,6 млрд теңге берешегі бар деп Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың сенатордың сауалына берген жауабында хабарлады.

Берешекті өтеу компания активтерін сату есебінен жоспарланып отыр. Атап айтқанда, "Қазақстандық авиациялық индустрия", Steel manufacturing, Семей инжиниринг кәсіпорындары, Семей машина жасау зауыты, "Тыныс", "Мұнаймаш", КИ 811 автожөндеу зауыты компаниялары, С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты және Петропавл ауыр машина жасау зауытының құны 59 млрд теңге, – делінген мәтінде.

Бұл ретте машина жасаудың жалпы көлеміндегі "Қазақстан инжиниринг" үлесі 2016 жылғы 9,9%-дан 2020 жылы 6,14%-ға дейін қысқарды.

Негізгі себеп – компанияның мемлекеттік қорғаныс тапсырысының бірыңғай операторының қызметін тоқтатуы.

Сонымен қатар машина жасау өндірісінің көлемі 2016 жылғы 766,8 млрд теңгеден 2020 жылы 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Сонымен қатар жекешелендіру жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін тоғыз активті "Қазақстан инжиниринг" бәсекелі ортаға беру көзделгені атап өтілді. Соның ішінде С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты, "Тыныс" компаниясы, Семей машина жасау зауыты, "Семей инжиниринг", "КИ 811 автожөндеу зауыты", Петропавл ауыр машина жасау зауыты, "Мұнаймаш", "Қазақстандық авиациялық индустрия", Steel manufacturing.

Осы ретте әлеуетті инвесторға ерекше шарттар қойылады, оның ішінде жекешелендірілетін кәсіпорынның қызмет бейінін және жұмыс орындарын сақтау, өндіріс көлемінің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, кәсіпорынның жалақысы мен салықтары бойынша берешегін өтеу ұсынылады.

Бұған дейін, Есеп комитеті мемлекеттік қарыздың қауіпсіз деңгейден асып кетуіне алаңдаушылық білдіргені туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, ұлттық компанияларда өз акционерлеріне дивидендтер төлеу үшін валюталық қарыз тартылғаны, сондай-ақ, Қазақстанның квазимемлекеттік секторында 56 млрд теңге тоқтатылғаны белгілі.