Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Мансабын аяқтағаны дұрыс": Хабиб Головкинге кеңес берді

Спортшы, сонымен қатар, егер ММА-да балуан буындардан жарақат алса, бокста басқа зиян тиюі мүмкін екенін баса айтты.

"Мансабын аяқтағаны дұрыс": Хабиб Головкинге кеңес берді
фото: ашық дереккөз

Бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов EFC турниріне арналған баспасөз мәслихатында қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкинге жеке кеңес беріп, мансабы туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“2004 жылы ол Олимпиаданың финалында болды. 20 жылға жуық уақыт өтті. Ол қазір 38 жаста. Бір жекпе-жек өткізіп, қарттығына дейін ақша тауып, сонымен аяқтағаны дұрыс шығар, бұл менің жеке кеңесім. 35 жастан асқан адам мұндай ауыр спортпен айналыспауы керек. Бір-екі жекпе-жектен кейін аяқтауы керек, өйткені оның отбасы бар, оны әлі алда өмір күтіп тұр. Бокс ММА-ға қарағанда ауыр”, – деді ол.

Спортшы, сонымен қатар, егер ММА-да балуан буындардан жарақат алса, бокста басқа зиян тиюі мүмкін екенін баса айтты.

Айта кетейік, UFC-дің жеңіл салмақтағы жеңілмеген чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келді.