Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Петропавл халықаралық әуежайы банкрот болды

Еңбекақы бойынша қарыз мәселесі бұрыннан бар. СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың көмегімен өткен жылдың қазан айынан бері 8 транш жүргізіліп, қарыздың 44 154 251 теңге сомасы өтелген. Қазір әуежайдың 109 жұмысшысының қарызы 27,3 млн теңгені құрап отыр.

Петропавл халықаралық әуежайы банкрот болды
фото: ашық дереккөз

Петропавл халықаралық әуежайының 109 жұмысшысы 27,3 млн теңге еңбекақысын ала алмай жүр деп хабарлайды Paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Петропавл халықаралық әуежайы» АҚ дағдарыстан шығар емес. Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасының мәліметінше, 2020 жылдың 28 желтоқсанында әуежай мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімімен банкрот деп танылды. Биыл 13 сәуірде сот үкімі заңды күшіне енді.

«Бүгінде Петропавл халықаралық әуежайын облыс әкімдігінің коммуналдық меншігіне өткізу рәсімі жүргізіліп жатыр. СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №125 бұйрығымен банкроттықты басқарушы тағайындалды. Банкроттықты басқарушы тағайындалуымен кәсіпорынның кейбір мүлкіне бағалау жүргізіліп, 44 млн теңге сомасында болжамды құны белгіленді. Облыс мәслихатының шешімімен сонша ақша бөлінді. Бұл қаражат әуежай жұмысшыларының еңбекақы бойынша қарызын жабуға жұмсалады», - дейді Солтүстік Қазақстан көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев.

Еңбекақы бойынша қарыз мәселесі бұрыннан бар. СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың көмегімен өткен жылдың қазан айынан бері 8 транш жүргізіліп, қарыздың 44 154 251 теңге сомасы өтелген. Қазір әуежайдың 109 жұмысшысының қарызы 27,3 млн теңгені құрап отыр.

«Біз көлік кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуына үнемі мониторинг жүргіземіз. Әуежайдың ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Жұмысшыларға әуежайдың қаржылық жағдайы, нысанның әкімдіктің коммуналдық меншігіне өтетіні түсіндірілді. Қазіргі уақытта әуежайдың азаматтарға қызмет көрсетуі тоқтатылуына байланысты шағымдар мен арыздар жоқ. Әлеуметтік жағдай бірқалыпты», - дейді Абылайбек Ордабаев.